Индер ауданындағы Бөдене және Өрлік ауылдық округтерінде бүйі шаққан жеті бас түйе арам өлді, деп жазады "Ақ Жайық".
Аптап ыстық осы бір өрмекші тұқымдастарға жататын жәндіктің көбеюіне себеп болып отыр. Жәндік адам үшін де, мал үшін де қауіпті. Биылғы жазда олар түйелерге көп үйірсек болған.
"Егер малды қарақұрт шаққанын дер кезінде анықтап, көмек көрсетпесе, ол өліп кетеді. Бүйі шаққан соң екі-үш күн өткен соң оның уы организмге жайылып кетеді. Дегенмен бұл жолы дер кезінде көмек көрсетіп, Жарсуат және Көктоғай округтерінде 20 бас түйені аман алып қалдық. Өлген мал өртеліп, көмілді. Олар үшін бюджеттен өтемақы төлеу қарастырылып отырған жоқ", - дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу