Батыс Қазақстанда 3 баланың анасы күйеуінің қолынан көз жұмды

218

Қанды оқиғаға қызғаныш себеп болған.

Батыс Қазақстанда 3 баланың анасы күйеуінің қолынан көз жұмды Фото: freepik

Қайғылы оқиға 28 мамыр күні Теректі ауданына қарасты Шаған ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адам әйелімен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірген. Әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды. Артында 3 бала қалды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал қызғаныштан туған", – деп хабарлады ведомстводан.

Шаған ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, бұл еш жерде тіркеуде тұрмаған қатардағы отбасы болған. Ерлі-зайыптылардың жасы шамамен 30-да болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу