Батыс Қазақстан облысында үюлі тұрған 187 тонна пішен отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 4 шілде күні Жаңажол ауылдық округінде болды.
"Сағат 17.51-де Тоқсанбай елді мекені маңында пішен жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиғаны барлау барысында "Аружан" шаруа қожалығы аумағында 450 шаршы метр алаңда үйілген 187 тонна пішен мен оған қоса қораның (аумағы 75 шаршы метр) өртеніп жатқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 11 адам 3 техникамен жұмылдырылды. "Тілсіз жау" 5 шілде күнгі сағат 4.28-де оқшауланып, 6.07-де ауыздықталды. Қазір өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - деп хабарлады ведомстводан.