Батыс Қазақстанда заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болғандар ұсталды

467

Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр. 

Батыс Қазақстанда заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болғандар ұсталды Фото: pixabay.com

Бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңсыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді.

Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған.

Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу