Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 100 шақырымнан астам су арнасы тазартылған

158

Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 100 шақырымнан астам су арнасы тазартылған Фото: gov.kz

Жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Батыс Қазақстан филиалы өңірдегі ұзындығы 100 шақырымнан астам каналды тазалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның жұмысы туралы есебін тыңдады. Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал жалпы ұзындығы 73,6 шақырым каналды тазартқан болатын. Жұмыстарға арнайы техника тартылды. Су ресурстары және ирригация министрлігі берген жер снарядының көмегімен ұзындығы 22 шақырымға жуық канал тазартылды.

"Қазір ирригациялық каналдарға жоспарланған жылдық тазарту жұмыстарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өңірде 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымының төменгі бөлігін нығайту жұмыстарын қоса алғанда, су тасқынының алдын алу іс-шаралары толық көлемде орындалды", – деді "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу