Батыс Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай көңіл көншітпейді

897

Өткен тәулікте өңір бойынша 11 682 текше метр еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай көңіл көншітпейді Фото: ТЖМ

Көмекке келген Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт күштері мен құралдары Бөрлі ауданындағы су тасқыны шараларына жұмылдырылды.

2164 дана инертті материалдар салынған қап төселді. Төтенше жағдайлар министрлігі №28 327 әскери бөлімінің 50 әскери қызметшісі Орал қаласында қаптарды инертті материалмен толтырып, төсеуге тартылды.

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі № 28327 әскери бөлімі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Ішкі істер министрлігінен 931 адам, 297 бірлік техника, Төтенше жағдайлар департаменті және ЖАО-дан 96 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Шыңғырлау өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендерді су басу қаупі туындады. Бөрлі ауданының Ақсу және Кеңтүбек ауылдарында 251 адам эвакуацияланды.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу