Батыс қазақстандық өндірушілер елордаға 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі

828

Осы демалыс күндері, яғни 28 және 29 тамызда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Батыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Батыс қазақстандық өндірушілер елордаға 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 120 тонна болатын Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімі ұсынылады. Оның ішінде 65 тонна сиыр еті мен жылқы еті, 15 тонна шұжық және консерві өнімдері, 5 тонна жаңа балық, 20 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімдері, 5 тонна түрлі сусындар, 2 тонна кондитерлік өнімдер, 36 мың жұмыртқа бар. Жәрмеңкеге 80 тауар өндіруші қатысады.

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан 10-20%-ға арзан болады. 

Жәрмеңкеге келушілер санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы керек: маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді қолдану.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу