Бұл жолы алаяқтар арбауына 14 адам ілігіпті. Пирамида жұртты "активтерді қайта бөлу арқылы байытамыз" деп сендірген. Бұған дейін Шымкент, Қостанай мен Ақтөбе тұрғындарының да осы қаржылық ұйымының арбауына іліккенін айтқан едік. Жалпы Қазақстанда Кеңес одағы тарағалы әртүрлі қаржы пирамидалары жылт етіп, мыңдаған адамды сан соқтырып кетті. Ең біріншісі "Смағұлов К" пирамидасы. Онда 35 мыңнан астам адам 650 млн теңгесін қалдырған. Ал қазір шығын миллионмен емес миллиардтармен есептеледі. Мәселен, "Гарант 24 ломбарды" 18 мың адаманың 22 миллиард теңгесін алдап алған. "QNET" компаниясы болса қазақстандықтарға 160 млн теңге материалдық шығын келтірген. Есеп-қисапқа сенсек, соңғы 5 жылда алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстар 26 пайызға артып, шығын көлемі 54 миллиардтан асып кеткен.