БҚО-да қаржы пирамидаларын ұйымдастырған екі адам анықталды. Орал қаласының екі тұрғыны "Лидер", "Алтын Тұмар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларын ұйымдастырған. Олар "WhatsApp"-та чат ашып, 7 күн ішінде салынған қаражаттың 100%-нан асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынған. Ақшаны қолма-қол және "Kaspi Gold" картасы арқылы қабылдаған.
"Тергеу барысында бір салымшыға пайда басқа салымшылардың жарналары есебінен берілгені анықталды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жоқ. "Лидер", "Алтын Тумар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларына жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам 435 салымшының қаражаты тартылды. Ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.