Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам нысаны іске қосылады. Осы арқылы жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7%-ға жетеді. 2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі", – деді Болат Ақшолақов.
Еске сала кетсек, бұған дейін ол еліміздегі барлық жылу электр станциялары мен электр желілерін тексерудің аяқталу мерзімін атаған болатын.