Батыс Киевке 240 млн доллардан астам қаражат бөледі

478

Қаржы Украинаға минадан тазарту үшін бөлінеді

Батыс Киевке 240 млн доллардан астам қаражат бөледі Фото: google.com

Бұл туралы Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біздің қаржылай қолдаушыларымыз, соның ішінде АҚШ, Еуропа Одағы, Жапония, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, [Оңтүстік] Корея және Ховард Баффетт қоры Украинаға гуманитарлық минадан тазарту қажеттіліктері үшін 244 миллион доллардан астам қаражат бөледі", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

25 шілдеде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевке 400 миллион долларға әскери көмек берілетінін мәлімдеді. Бұған дейін Reuters агенттігі жаңа пакет аясында Украинаға қару-жарақ қана емес, сонымен қатар минадан тазарту жабдықтарын да беруге болатындығын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу