Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолындағы "митинг" жөнінде жалған ақпарат таратқан екі адам ұсталды

684

Полицейлер Түркістан облысында заңсыз автожарыс ұйымдастырылған жерден "Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында митинг өтіп жатыр" деп жалған ақпарат таратқан Сайрам ауданының екі тұрғынын ұстады. 

Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолындағы "митинг" жөнінде жалған ақпарат таратқан екі адам ұсталды Фото: google

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабымен ("Көрінеу жалған ақпарат тарату")  сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

13 сәуір күні Түркістан облысының полицейлері жанармай құю станциясында митинг өткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Желіде 12-13 сәуірге қараған түні Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының бойында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналғаны жөнінде бейнежазба тараған еді.

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары 13 сәуір сағат 04:30 шамасында оқиға орнына барған кезде мәліметтің жалған екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу