Эрих Мария Ремарк романының кинонұсқасы Британдық киноакадемияның 14 марапатына, соның ішінде "Үздік фильм" сыйлығына ұсынылды, деп жазады Inbusiness.kz. DW сайтына сілтеме жасап.
Неміс режиссері Эдвард Бергердің "Батыс майданда өзгеріс жоқ" әскери драмасы биылғы жылы британдық кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) номинациялары бойынша көшбасшы болды. Байқау сайтында хабарланғандай, кинотуынды 14 санат бойынша жеңіске үміткер.
Неміс жазушысы Эрих Мария Ремарктің аттас романына негізделген картина "Үздік фильм", "Үздік бейімделген сценарий", "Үздік фильмге арналған музыка", "Үздік монтаж" және "Үздік операторлық жұмыс" сияқты санаттарда ұсынылған. Бұь фильм BAFTA тарихында бірден түрлі номанциялар бойынша ұсынылған екінші туынды. Алдыңғы рекордшы 2001 жылы Энг Лидің "Жасырын жолбарыс, тығылған айдаһар" болды, ол да 14 санатқа ұсынылды.
Номинациялар бойынша екінші орынды Мартин Макдонның "Банши Инишерина" және Дэн Кван мен Даниэль Шайнерттің "Барлық жерде және бірден" фильмдері бөлісті. Олар әрқайсысы 10 санат бойынша үміткер.
76-шы BAFTA марапаттау рәсімі 2023 жылдың 19 ақпанында Лондонда өтеді.