Батыс өңіріндегі ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге орналастырылуда

422

Қызыл су батыс өңірді әлі әбігерге салуда.  

Батыс өңіріндегі ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге орналастырылуда Фото: gov.kz

Екпінмен келген топан су ауылдардың да жолын шәйіп кетіп, үйлерге қауіп төндірді, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Орал маңындағы Маштаков ауылының 100-ден астам тұрғыны эвуакацияланды. 70-80 адам өз жақын туыстарының үйіне орналасса, қалғаны Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне көшірілді. Дәл осындай жағдай Ақтөбе облысында да қайталанды. Қобда ауылында 15 үй мен спорт мектебі және бір кафе су астында қалды. Қазір бұл ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Қос облысқа жақын Атырау облысының Қызылқоға ауданында да тасқын су қаупі сейілген жоқ. Сондықтан, қазір сол маңда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу