Батыс өңірлерін дамытуға қомақты қаражат қарастырылып отыр

1395

Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Батыс өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарымен таныстырды.

Батыс өңірлерін дамытуға қомақты қаражат қарастырылып отыр

Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірленді.

Ал Маңғыстау, Атырау облыстарын дамытуға арналған қолданыстағы 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар өзектендірілді.

Бұларды қаржыландырудың жалпы көлемі – 15,3 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 трлн теңге бөлінбек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу