Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарының әскери қызметшілері Ақтөбеде өткен Президенттік көпсайыс жарысында үздіктерді анықтады, деп ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.
Барлық қатысушылар жас топтарына сәйкес бөлінді. Ережеге сәйкес әскери спортшыларға 3-тен 10 шақырымға дейінгі қашықтықты шаңғымен өтіп, пневматикалық мылтықтан ату, сонымен қоса күш жаттығуларын орындау қажет болды.
Турнирге барлығы 4 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар жақсы нәтижелер мен керемет дене дайындығын көрсете білді, алайда жүлделі орынды тек мықтылары иеленді.
Президенттік көпсайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, екінші орынды Атырау гарнизоны командасы иеленді, ал Ақтау гарнизонының сарбаздары үшінші орынды қанағат етті.
- Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар Қарулы Күштердің құрама командасына үміткер спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді. Ең жақсы нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге спорттық разрядтар беріледі", - деді "Батыс" ӨңҚ дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков.
Осы чемпионаттың жеңімпаздары әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қарулы Күштердің ХVІІІ Спартакиадасында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы командасының атынан қатысады. Жарыстар Щучинск қаласында өтетін болады.