Бүгін Атыраудағы "Batys Petroleum" ЖШС-нің жуу-булау бекетінің аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Сағат 13:58-де Атырау қаласындағы өндірістік аймақта орналасқан "Batys Petroleum" ЖШС-нің жуу-булау бекетінің аумағында жарылыс болды.
Аталған мекеменің мәліметінше, өрт сөндіру жүйесі автоматты түрде іске қосылған. Зардап шеккендер жоқ. Бөлім орнында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ кәсіпорында арнайы тексеру комиссиясы құрылды. Жарылыс себебі анықталуда. Вагон дайындау цехында өндірістік процестерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, "Batys Petroleum" ЖШС вагон цистерналарына техникалық қызмет көрсету, тексеру және техникалық жағдайын жөндеу, сонымен қатар вагон цистерналарын кірме жолдарға жеткізу алдында жуу және булау жұмыстарымен айналысады.