"Батысэнергоресурстар" ЖШС қарызға белшесінен батты

644

"Батысэнергоресурстар" ЖШС кепіл беру құжаты бойынша энергия өндіруші кәсіпорындарға 2 млрд теңгеден астам ақша қарыз.

"Батысэнергоресурстар" ЖШС қарызға белшесінен батты

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне "Батысэнергоресурстар" ЖШС-ның мәселесін шешуді 
ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Батысэнергоресурстар" жауапершілігі шектеулі серіктестігінің энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар алдындағы берешегі 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2 млрд 62 млн теңгені құрады. Нарық субъектілері арасындағы жағдайды реттеу үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне мүдделі тараптармен берешекті өтеу кестесін жасай отырып, электр энергиясы нарығы субъектілері арасындағы берешекті азайту жөніндегі мәселені пысықтау қажет деп санаймыз", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу