Батысқазақстандық спорт шебері жеңімпаз атанды

1193

Батысқазақстандық спорт шебері жеңімпаз атанды

Чехияның Пардубице қаласында өтіп жатқан Czechopen-2017 халықаралық зияткерлік ойындар фестивалінде тоғызқұмалақта батысқазақстандық спорт шебері Жарасхан Сағынбаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, Жарасхан ерлер арасында тоғызқұмалақтың классика түрінен үздік шықты. Бұл турнирдің деңгейі жоғары болғаны сондай, оған 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері қатысуда. Тағы бір батысқазақстандық спорт шебері Әсет Қайыржанов блицтен үшінші орынға ие болды.

17 шілдеде тоғызқұмалақтан жастар арасында жарыс басталады. Оған Ә.Қайыржанов қатысады. 19 шілдеде мәреге жететін аталған фестивальде тоғызқұмалақ, қазақ бестемшесі, түрік мангаласы, овари және басқа ойындардан сексенге жуық спортшы тіркелген. 

Еске сала кетейік, биыл Қызылорда қаласында ҚР ІV жазғы спорт ойындары аясында тоғызқұмалақтан өткен жарыста Ж.Сағынбаев чемпион атанып, БҚО құрамасы командалық есепте үшінші орынға көтерілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу