Батысқазақстандық тұрғын 366 дана киік мүйізімен қолға түсті

1028

Жедел іздестіру шаралары барысында киік мүйізін сату үстінде 1991 жылғы тұрғын ұсталды. Одан 366 киік мүйізіне қоса "Volkswagen" автокөлігі тәркіленді.

Батысқазақстандық тұрғын 366 дана киік мүйізімен қолға түсті

Батысқазақстандық тұрғын 366 дана киік мүйізімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 мамыр күні болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында киік мүйізін сату үстінде 1991 жылғы тұрғын ұсталды. Одан 366 киік мүйізіне қоса "Volkswagen" автокөлігі тәркіленді.

Қазіргі кезде оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне (киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жыл басынан бері облыста өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысуға қатысты 17, заңсыз аңшылыққа байланысты 5, заңсыз балық аулауға қатысты 2, көрінеу қылмыстық жолмен тапқан мүлікті иемдену немесе өткізуге байланысты 6 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ жануарлар әлемін пайдалану мен аң аулау талаптарын бұзуға қатысты 140, балық және басқа су жануарларын аулау ережелерін бұзуға байланысты 39 әкімшілік құқықбұзушылықтың беті ашылды. 6 тоннадан астам балық тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу