6-8 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклон ығыса отырып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5-16° аяздан 0-8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы төмендейді: түнде 3-16° аяздан 10-25° аязға дейін, күндіз 1-11° аяздан 5-15° аязға дейін.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.