Батыстық байланысшылар әскери жаттығудан өтуде

587

Олар түрлі байланыс жүйесі бойынша нормативтер тапсырады.

Батыстық байланысшылар әскери жаттығудан өтуде

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскери байланысшыларының оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Онда отыздан астам әскери техника мен екі жүзге жуық әскери қызметші шартты түрде алынған қарулы қақтығыстар кезеңінде байланыс жүйесімен жұмыс істейді.

"Оқу-жаттығу барысында біз байланыс бөлімшелерінің әскери байланыс жүйесін құру, өрістету және пайдалану жөніндегі нақты мүмкіндіктерін бағалай аламыз. Әскери қызметшілер өз іс-әрекеттері мен міндеттерін тәжірибеде тағы да пысықтайды. Бұл кезеңде байланысшылар далалық және стационарлық басқару пункттері мен әскери бөлімдердегі абоненттер арасында әртүрлі радио және спутниктік таратқыштарды қолдана отырып, тұрақты қорғалған байланысты сәтті ұйымдастырды", – деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Байланыс әскерлерінің бастығы подполковник Юрий Королев.

Бұдан бөлек, мамандар қысқа толқынды және ультрақысқа толқынды радиостансаларда байланысты ұйымдастыру және бейнеконференция байланысын басқару пункттерін қамтамасыз ету бойынша нормативтерді тапсырды. Оқу-жаттығулар нақты уақыт ауқымында, шартты қарулы қақтығыстар жағдайында өтеді. Бұл бөлімшелердің белгіленген мерзімде міндеттерді орындауға жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу