Беларусь пен Ресей Батыстың санкцияларының арқасында ынтымақтастығын нығайтады. Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесу барысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Батыс компанияларының ортақ нарықтан кетуі бізге барлық сала бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді мемлекет басшысы.
Ол "Беларусь пен Ленинград облысы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас жасаудың үлгісі" дегенді айтты.
"Сіздер келісімдерді әрдайым орындайсыздар, бастамаларды соңына дейін жеткізесіздер. Бұған біздер қол жеткізген көрсеткіштер дәлел", – деді Лукашенко.
Оның айтуынша, 2021 жылы Беларусь пен Ленинград облысы арасындағы тауар айналымы 700 миллион доллардан асқан.
Бұған дейін Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдаған еді. Жаңа шектеулер бойынша, Ресейден әкелінетін мұнайды импорттауға ішінара эмбарго енгізу және Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажырату қарастырылған.
Табиғат Нұрболат