Бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз - Шавкат Мирзиёев

436

Әр сапарымда Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге куә боламын. 

Бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз - Шавкат Мирзиёев Фото: Ақорда

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы жылдары біз ортақ әрі жүйелі күш жігермен ынтымақтастығымызды бұрын-соңды болмаған одақ деңгейіне, яғни жоғары деңгейге жеткіздік. Әр сапарымда Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге куәгер боламын. Бұл айтарлықтай жетістіктер Қасым-Жомарт Кемелұлының қажымас еңбегі мен реформалардың арқасы екені сөзсіз. Біз жақын көршілеріміздің, бауырластарымыздың барлық жетістіктері үшін шексіз қуанамыз және бауырларымызға жаңа табыстар тілейміз. Біз кең ауқымды қарым-қатынасымыздың жаңа бетін аштық", - деді Өзбекстан басшысы.

Шавкат Мирзиёев бүгін мемлекетаралық жоғары кеңестің бірінші отырысы өткенін еске салды. 

"Бұл формат – мемлекетаралық қатынастардың ең жоғары көрінісі. Елдеріміздің жақындығын, бүкіл бағыт бойынша өзара ынтымақтасытығын және біздің батылдығымыз бен  адалдығымызды көрсетеді. Сондай-ақ келешекте болашақты Парламенттеріміздің екі палатасының қатысумен "Парламентаралық форум құру" мәселесін қарастырдық. Онымен қоса, қарым-қатынастарымыздың тағы жаңа институтын "Сыртқы істер министрлері кеңесін" құру жөнінде шешім қабылдадық. Біз энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет және су саласындағы байланысымызды одан әрі дамыту туралы нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік", - деді Өзбекстан Республикасы Президенті.

Ол 2024-2034 жылдарға арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойғанын атап өтті. 

"Стратегиялық әріптестік пен альянс бағдарламасын қабылдай отырып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін мақсаттар қойдық. Ең маңызды бағыттардың бірі өңіраралық ынтымақтастық бойынша басталған үлкен жұмысты одан әрі жандандыру туралы келістік. Кеше Астанада өткен бизнес форум мен кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7 млрд-тан асатын бірқатар келісімшарттар пен құжаттарға қол қойылды. Жақын арада екіжақты тауар айналымын түбегейлі арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданады", - деді Өзбекстан басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу