Ердоған: Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын

8055

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап ретінде Twitter-де жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ердоған: Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын

"Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Емине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын", – деп жазды Түркия басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайына коронавирус инфекциясынан тезірек сауығып кетуін тілеп, пост жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу