Бауырластығымыздың тамыры тереңде жатыр – Тоқаев

246

Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге баса назар аударып отыр.

Бауырластығымыздың тамыры тереңде жатыр – Тоқаев Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанды ағайын елдер деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келген Шавкат Мирзиёевке шынайы ризашылығын білдіремін. Мұны Өзбекстан басшысының қазақ жұртына зор құрметінің белгісі деп санаймын. Сондай-ақ бұл сапарыңызды екі елдің ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймын. Біз алдыңғы жылы одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бұл сіздің содан бері Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарыңыз. Сондықтан мен осы сапарға айрықша мән беремін. Оның екі ел үшін де маңызы өте зор", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанды ағайын елдер деп атады. 

"Бауырластығымыздың тамыры тереңде жатыр. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетеміз. Мақсат-мұратымыз да ортақ. Қарым-қатынасымыз соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Біз стратегиялық серіктестікті нығайта түсуге баса назар аударамыз. Бұл екі жақтың да мүддесіне толық сай келеді. Осы сапар өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", - деді ол.

Бүгін біз өзара қолдау және сенім рухында нәтижелі келіссөздер жүргіздік, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Қарым-қатынасымызды жандандыруға мүдделі екенімізді тағы да атап өттік. Сондай-ақ стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасын қабылдадық. Бұл құжат алдағы он жылға арналған басты мақсат – достығымызды арттырып, сан түрлі саладағы тиімді байланысты дамытуға тың серпін беру", - деді Қазақстан Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу