Бауырсақ пен наурыз-көже тегін таратылады

843

Бауырсақ пен наурыз-көже тегін таратылады

Алматыда 2 наурызда "Ұлы даланың Наурызы" мерекеленеді. Алғаш рет салтанатты шаралар бірден екі алаңда: "Астана" алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға 700-ден астам артист қатысады, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, солистер, би топтары және басқалары бар.

Астана алаңына киіз үйлер, әртүрлі қостар, шатырлар тігіліп, Наурыз тақырыбына орай жасалған инсталляциялар орнатылады. Мерекеде "Мүшел" атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, қазақтың көнеден келе жатқан "Самалық", "Түлік жыры" атты салт-дәстүрі насихатталады.

Атлеттер ауылындағы мерекелік қойылым өтетін алаң тұтастай жаңа қоныстанған қазақ ауылын елестетеді. Алаңның кіреберісіне ежелгі үлгідегі қақпа орнатылып, оның екі жақ шетіне көне күйме үстіне тігілген 2 киіз үй қойылады.

Бағдарламаға "Қой көтеру", "Ләңгі тебу", "Арқан тарту" сияқты шеберлік пен ептілікті паш ететін қазақ ұлттық ойындары енгізілген.

Мереке аясында тегін бауырсақ пен наурыз-көже таратылып, отшашу шашылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу