"Бауырым, тарихты жаңарттың!": Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан бапкерін құттықтады

261

Сендер тарих жасадыңдар! 

"Бауырым, тарихты жаңарттың!": Бақыт Сәрсекбаев бокстан Өзбекстан бапкерін құттықтады Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевқа жазба арнап, оны шәкірттерінің Париждегі жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, Хасанбой Дусматов (51 кг), Абдумалик Халоков (57 кг), Асадхуджи Муйдинхуджаев (71 кг), Лазизбек Муллажонов (92 кг) және Баходир Джалолов (92+ кг) Олимпиада чемпионы атанды.

"Мен Толқынды бала кезінен білемін. Екеуіміз интернатта бірге өстік, бірге оқыдық, ұстаздардан тәлім алдық. Сол кездегі достығымызды ұмыту мүмкін емес. Бауырым, Толик! Сені командаңның жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқор екеніңді білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!", - деп жазды Бақыт Сәрсекбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу