"Бауырына салу" фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды

214

Бұған дейін Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

"Бауырына салу" фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Оператоы Жанарбек Елеубек "Бауырына салу" фильмі үшін Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесін еншіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.

Асхат Кучинчирековтің "Бауырына салу" фильмі Қазақстан атынан ресми түрде "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясында 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына ұсынылды.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген.

Айта кетейік, "Бауырына салу" фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті.

Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу