Бауыржан Байбек 20 ақпан күні халыққа есеп береді

773

Бауыржан Байбек 20 ақпан күні халыққа есеп береді

2017 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің тұрғындармен есепті кездесуі өтеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында Бауыржан Байбек алматылықтардың қойған сұрақтарына жауап береді, жылды қорытындылайды, мегаполистің болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2017 жылдың жоспары туралы айтады.

Қалалықтарға ыңғайлы болуы үшін кездесу күні жедел желі жұмыс істейді. Берілетін сұрақтар 220-74-74 телефоны арқылы қабылданып, Call-centr-де тіркеледі.

Кездесу Алматы қаласы әкімінің www.almaty.gov.kz ресми сайтында, Facebook және Periscope әлеуметтік желілердің аккаунттарында жарияланып, "Алматы" телеарнасында тікелей көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу