"Нұр Отан" партиясының 20 жылдық мерейтойына орай 20 жасқа 4 жыл тегін оқуға грант берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың қатарында түрлі олимпиада жүлдегерлері, жетім-жесірлер, мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасынан шыққандар бар. Бүгін жастардың тегін оқуына мүмкіндік беретін сертификатты қала әкімі Бауыржан Байбек өзі табыстады
Сондай-ақ, бас партия құрамына бес жаңа мүше қабылданды. Жиын барысында "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына Алматы қаласының атынан Астанаға баратын делегация құрамы да бекітілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу