Бауыржан Байбек өңірлердегі халықпен кездесуін жалғастыруда

924

Аймақтарды дамыту бойынша ұсыныстар дайындалуда.

Бауыржан Байбек өңірлердегі халықпен кездесуін жалғастыруда

Осы аптада "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Жамбыл облысының Жуалы және Кордай ауданына барып, бірқатар елдімекенге ат басын бұрды.

Елбасы тапсырмасымен "Nur Otan" алдағы 5 жылда әр облысты, аймақты және елдімекендерді дамыту бойынша ұсыныстар дайындауда. Жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып 216 аймақтық бағдарлама халықтың проблемаларын шешіп қана қоймай, қажеттіліктерді де қанағаттандырады. 

Бауыржан Байбек жұмыс сапарының алғашқы күнінде азаматтық қоғам өкілдерімен, оның ішінде зиялы қауыммен, жастармен, білім беру саласы қызметкерлерімен және басқалармен кездесті.

"Б. Момышұлы ауылында кәсіпкер әйелдермен бірге шағын бизнесті дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында көпбалалы аналар да кәсіппен айналысуда. Бүгінде олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын да ашуда. Олар салық төлейді әрі әлеуметтік қызметпен де айналысады. Партия жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Nur Otan" партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізім арқылы әйелдердің кемінде 30% кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр", - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында Бауыржан Байбек.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу