Бауыржан Байбек: Сегіз базар жұмысын тоқтатады

794

Бауыржан Байбек: Сегіз базар жұмысын тоқтатады

Алматы базарлары жаңартылуда. Қазіргі кезде қаладағы 57 базардың 17-і жаңартылды, жыл аяғына дейін тағы алтауы модернизацияланбақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі жиында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Сауда алаңдарын легализациялау жалғасуда. Жалға алу мерзімінің аяқталуы себепті сегіз базар жұмысын тоқтатады, ал қалған 26-ы 2020 жылдың соңына дейін модернизацияланады. Яғни, ешқандай контейнер алаңдары болмайды, касса аппараттары жұмыс істейді", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кетсек, қалада пәтерлерін жалға беретін 2 мыңнан астам салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде есепке алынды. Жалпы жеке кәсіпкер ретінде 18 мыңнан астам жеке тұлға тіркеліп, 8 мыңнан астам жалдамалы жұмысшы заңдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу