Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың орнына тағайындалды.
Еске сала кетсек, Бауыржан Байбек "Нұр-Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметін бұған дейін де атқарған еді. Партияда 2013 жылдың қаңтарынан бастап 2015 жылдың тамызында басшылық етті.
Ал Алматы қаласын Бақытжан Сағынтаев басқаратын болды.
Қызмет жолы:
1999 жылдан – Майндағы Франкфурт қаласы ҚР бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).
2002 жылдан – ҚР Президенті әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы.
2003 жылдан – ҚР Президенті хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі
2004 жылдан – бас инспекторы
2006 жылдан – Хаттама жетекшісі.
2009 жылдың тамыз айынан – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
2013 жылдың қаңтарынан – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2015 жылдың 9 тамызынан – Алматы қаласының әкімі.