Бауыржан Исламхан "Ордабасы" клубына ауысты

541

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресми түрде Премьер-лигада сынға түсетін шымкенттік "Ордабасы" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бауыржан Исламхан "Ордабасы" клубына ауысты Фото: instagram/kff_team

Шымкенттік клуб оны өз құрамына қосу үшін бұдан бұрын ойнаған Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Айн" командасының рұқсаты қажет еді. Дегенмен ол біршама уақыт кешіктірілді. Нәтижесінде рұқсат алынып, ол жаңа команданың құрамына қосылды.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айында "Аль-Айн" командасы құрамында Азия чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін футболшы тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен еді. Одан тыйым салынған метилгексанамин табылып, екі жылға үлкен футболдан шеттетілді.

Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларымен өтетін жолдастық кездесулеріне шақырту алды.

Бауыржан Исламхан 1993 жылы 23 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. 2011 жылдан бері қазақстандық "Тараз", "Астана", "Қайрат", Ресейдің "Кубань", Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Айн" клубтары және ел құрамасында 311 ойын өткізіп, 74 голдың авторы атанды. Ел құрамасында 46 ойында 3 гол соқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу