Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді

200

Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай "Астана Арена" стадионында батырдың алып портреті жасалды.  

Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді Фото: Астана қаласы Мәдениет басқармасы

2 736 шаршы метр болатын туынды "Әлемдегі ең үлкен портрет" ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді.

Қытай және Үндістаннан арнайы шақырылған өкілдермен бірге рекордты тіркеу жасалып, ұйымдастырушыларға сертификат пен медаль табыс етілді, деп жазады inbsuiness.kz сайты.

Іс-шараны ұйымдастырған қалалық мәдениет басқармасы өкілдерінің айтуынша, портретті жасауға елорданың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысқан. Биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портрет фотомозайка форматында құрастырылған және әрбір пиксельдің өлшемі 1 шаршы метрді құраған.

Аты аңызға айналған батырдың портретін дайындауға 700 келі ақ бояу мен 320 келі қара бояу жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу