Бауыржан Мусин пара алу кезінде ұсталды

772

Бауыржан Мусин пара алу кезінде ұсталды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Мусин 400 мың теңге пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды inform.kz.

"Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі негізде пара алғанын анықтады. 2017 жылдың 31 наурызы күні Бауыржан Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге параның бір бөлігін алып жатқанда ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңге. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деп жазылған Ұлттық бюроның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу