Еліміздің дін істері және азаматтық қоғам министрлігі комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусиннің ісі сотқа берілді. Бұл туралы Астана қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv.
Есте болса, Ұлттық бюро қызметкерлері Бауыржан Мусинді биыл наурыз айында өңірдегі кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен тұтқындаған еді. Ол сұратқан параның жалпы көлемі 1 жарым миллион теңгеге жуықтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу