Баян Алагөзова үшінші қызының атын не үшін Алиса деп қойғанын айтып берді

2126

Продюсер арманына 50 жасында жеткенін атап өтті. 

Баян Алагөзова үшінші қызының атын не үшін Алиса деп қойғанын айтып берді Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова жақында дүниеге келген үшінші қызына Алиса деген есім беруінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шоу-бизнес өкілі "Алиса ғажайыптар елінде" мультфильмін көріп, керемет әсер алғанын, одан кейін болашақта қызына Алиса деп ат қоюға өзіне уәде бергенін айтады. Продюсер сол арманына 50 жасында жеткенін атап өтті.

"Тұңғыш қызым дүниеге келгенде, қазақпыз ғой, бірінші баланың есімін ата-анамыз қою керек болды. Алайда мен біздегі бұл дәстүрді түсінбеймін. Ол сенің балаң, сондықтан қандай есім беру керегін өзің шешуің керек. Бірақ бізде олай емес. Одан кейін Айару дүниеге келгенде де оның атын Алиса деп қойғым келіп еді, бірақ мені ешкім қолдамады. Маған бәрі "Немене, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса?" деді. Сондықтан ата-анамыздың сөзіне құлақ астым, себебі олар оған қызғанышпен қарады. Қазірдің өзінде анама бұл есім ұнамайды. Бірақ мен 50 жастамын. Әйтеуір енді өзім осыны орындадым. ...Қазір өзім қалаған есімді қоюға толық құқығым бар", – деді ол.

Сондай-ақ, ол күйеуі Тұрсын Алагөзовке болашақта қызын Алиса деп атағысы келетінін айтқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу