Баян Алагөзованың отбасында тағы бір сәби туылғалы жатыр

1298

Сәбидің ұл немесе қыз болатыны қызу талқыланып жатыр.

Баян Алагөзованың отбасында тағы бір сәби туылғалы жатыр Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек өзінің әлеуметтік желісінде туыстарының жақында дүниеге келетін сәбиінің жынысы туралы пікір айтқан видеосын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Видеода дастархан басында отырғандардың көпшілігі дүниеге келетін сәбиді қыз деп болжап отыр. Ал, Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов те солай дейді.

Қазақстандықтар сәбидің аман-есен өмірге келуін тілеп, жазба қалдырған.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбектің екі баласы бар.

Бұған дейін 15 күн бұрын үшінші қызы дүниеге келді деген продюсер Баян Алагөзова тағы да балалы болғанын айтып, қазақстандықтарды таңғалдырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу