Баян Алагөзованың жары сот отырысына келді

533

Тұрсынғали Алагөзов Гүлмира Сатыбалды ісінде ол жәбірленуші болып табылады.

Баян Алагөзованың жары сот отырысына келді Фото: baq.kz

Астанада өткен сот отырысына  кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жәбірленуші ретінде қатысып, айыпталушының бизнесті беруін талап еткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

2016 жылы Тұрсынғали Алагөзов бұрынғы әйелі Лайсира Маратпен ажырасты. Ол тапқан мүлкін әйелі мен балаларына өз еркімен қалдырды. Алайда бұрынғы әйелі Тұрсынғали Алагөзовке тиесілі Galanz Bottlers компаниясының акцияларын бөлуді талап етті.

"Бұрынғы әйелім акцияны бөлуді талап етіп, мен директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында яғни бизнес басшысы болып қала беретіндігімді айтып сендірді. Мен оған сеніп, компанияның 43,25% акциясын сыйға тарттым. Ол мамандығы бойынша заңгер. Бұрынғы әйелім мені құрығына түсіріп қалған акцияларды иемденуге тырысып, сотқа жүгіне бастады", деді Тұрсынғали Алагөзов сот барысында.

Жәбірленушінің айтуынша, танысы Бердіқұлов арқылы Рифшановтың заң компаниясына жүгінуге мәжбүр болған. Өйткені Т. Алагөзовке "Galanz Bottlers" директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын қалпына келтіруіне заң көмегі қажет болды.

"1,5 жылға созылған рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Рифшановтың заңгерлері мүлікті бөлу қаупін болдырмау үшін қалған акцияларды (43,25%) менің сенімді адамдарымның атына қайта жазуды ұсынды. Мен Бердіқұловтың атына 3% және Рифшановтың атына 40,25% акцияны жалған тіркедім. Олар менің акцияларымның номиналды иелері болды", - деді ол.

Алайда, Тұрсынғали Алагөзов акциялардың нақты иесі болып қалған.

"2018 жылдың күзінде маған Бердіқұлов хабарласып, оған Қайрат Сатыбалды қоңырау шалып, Рифшанов екеуінен акцияларды Гүлмира Сатыбалдыға беруді талап еткенін айтты. Гүлмира Сатыбалды оларды, яғни Рифшанов пен Бердіқұловты кездесуге шақырған. Бердіқұловтың айтуынша, кездесуде Сатыбалды азаматтық және қылмыстық істерді тоқтатып, акцияларды тапсыруды талап еткен. Ал Бердіқұлов пен Рафшанов қорқып, абдырап қалған. Мен бұл адамдарға қарсы тұра алмайтынымды түсіндім", - деп түсіндірді Т. Алагөзов.

Кейін Тұрсынғали Алагөзов Гүлмира Сатыбалдымен кездескен.

"Гүлмира Сатыбалдымен сөйлесіп, бұл менің бұрынғы әйеліме қатысты отбасылық іс екенін айттым. Сонымен қатар мәселені өзім шешетіндігімді айта келе, іске араласпауын сұрадым. Мен оған бірнеше рет айттым, бірақ тыңдағысы келмеді. Соңында маған келісуге тура келді, өйткені, мемлекеттің алғы адамдарымен күресе алмайтынымды түсіндім, одан пайда жоқ. Мен Рифшанов пен Бердіқұловқа акцияларды қайта жазуға келісім бердім. Акцияларды беру алу-сату шартын ресімдеу арқылы жүзеге асырылды. Онда бір акцияның құны 1 теңгемен белгіленді, ал нарықта бір акция шамамен 200 теңгені құрады, яғни 200 есе айырмашылық болды", дейді жәбірленуші Т. Алагөзов сот барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу