Танымал продюсер Баян Мақсатқызы үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды. Продюсер 5 тамыз күні ана атанған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсенғалиқызы", – деп жазды продюсер.
Еске салайық, 50 жастағы продюсердің қыз туғанына желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, таңғалып жатыр еді.
"Қызы Айсәуле туды ма деп ойлап қалдым”, “50 жастағы ананың босануы мүмкін емес”, “Суррогат ана туып берген сияқты”, “Күні кеше ғана сұхбат берді, ол кезде ешқандай іші білінген жоқ”, “Әрі жас әже, әрі жас ана болып отыр”, “Қызымен жарысып туды деген осы", – деп жазған еді оқырман қауым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу