"Маған хабарласты...": Арман Дүйсеновтің қайтыс болған ұлы Баяннан көмек сұраған

722

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өліміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маған хабарласты...": Арман Дүйсеновтің қайтыс болған ұлы Баяннан көмек сұраған Фото: коллаж: inbusiness.kz

"Бүгін өте ауыр хабар естідім. Жақын досым Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай бақилық болыпты. Иманды болсын! Осыдан шамамен 10-12 күн бұрын Абылай маған алғаш рет хабарласты. Оны бұрыннан көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған еді. Әпкесіне хабарласқандай көмек сұрады. Бір бағдарламада марқұмның жеке өмірі талқыланып жатқанын айтты. Шоу-бизнес өкілдері әкесіне қатысты жағымсыз пікір білдірген көрінеді. Бағдарлама эфирге екі сағат қалғанда хабарласып: "Абылай, сен кеше хабарлассаң, көмектесер едім. Енді ештеңе істей алмаймын" дедім. Оның жанайқайы әкесінің атына айтылған сынға қатысты болды", – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

Продюсер осы жағдайдан кейін журналистерге үндеу жасап, танымал адамдардың жеке өмірін талқыламауды сұрады.

"Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөздерін журналистер қолдап, соны эфирге шығарған. Танымал адамдардың жеке өмірін әңгіме қылуды доғарыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу