Баян Мақсатқызы Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады

6208

Бұған дейін "Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп әншінің үстінен арзы түскен еді.

Баян Мақсатқызы Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады Фото: inbusiness.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде дін жайлы пікір айтқан әнші Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі

Продюсер әншіге "Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес" деп жөн сілтеді.

"Халық алдында жүрген адам әр сөзін абайлап айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап фото саласыдар. Кейін іш киімммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ", – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, “Балқия”, “Қызыл раушан” әндерінің авторы Ұланғасын Қамидың тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан пікірі дау туғызған еді.

"Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты", – деген еді хитмен.

Еске салайық, бұған дейін "Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп әншінің үстінен арзы түскен еді.

Алайда, ІІМ Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарып, сөздерінде қылмыстық құрам жоқ екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу