Баян-Өлгейде Қазақстанның консулдығы ашылады

98

Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.   

Баян-Өлгейде Қазақстанның консулдығы ашылады Фото: akorda.kz

Брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік. Шын мәнінде, бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз", – деді Қазақстан Президенті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Хурэлсух мырзаға алғыс білдірді және бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сенімді екенін жеткізді.

"Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу