Баянауыл ауданында тазылардың қасақана өлтірілгені туралы дерек тексеріліп жатыр

1107

Баянауыл ауданында тазылардың қасақана өлтірілгені туралы дерек тексеріліп жатыр

Павлодар облысының Баянауыл ауданы мал дәрігерлік бөлімі атылған тазылар туралы видеоның қайда түсірілгенін анықтауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Республикалық БАҚ-та Баянауыл ауданында сирек кездесетін иттерді  атып тастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, материалда иттердің көшеде емес, сарайда жатқаны түсірілген видео қолданылған.

"Ағамның қорасында тұрған екі итті улап өлтірді, көршімнің төрт итін өлтірді. Иттеріміз далада жүрген жоқ. Аңшылыққа арналған иттер, сирек тұқымды. Ешкім ұрлап кетпеуі үшін иелері мұндай иттерді торда ұстайды. Оларды  көшеге шығармайды. Улап өлтірген. Қаңғыбас ит болса, өліктері далада жатар еді ғой. Бұл нағыз жауыздық. Тазы жеті қазынаның бірі деп есептеледі. Ер жігіттің жүйрік аты, қыран құсы, құмай тазысы болуы керек деген сөз де бар. Бұл қазақтың ұлттық байлығы. Тазы итті сатуға немесе біреуге бере салуға болмайды. Күшіктері тек саудаланатын. Мұндай тұқымдағы иттер 5-7 миллион теңге тұрады. Бірақ мұнда мәселе ақшада емес, олардың сонша жауыздықпен өлтірілгенінде, – дейді тұрғындардың бірі Қуаныш Жағыпаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу