Баянауыл ауданының Южный ауылына Жұмат Шаниннің есімі берілді

1895

Баянауыл ауданының Южный ауылына Жұмат Шаниннің есімі берілді

Қазақ КСР-нің халық әртісі, қазақтан шыққан тұңғыш режиссер Жұмат Шанин Тұрғынбайұлының биылғы 125 жылдық мерейтойына орай өзі туған Южный ауылына есімі берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Қылышбековтың сөзінше, Жұмат Шанин дүниеге келген Күркелі ауылдық округінің орталығы бұған дейін Южный деп аталып келген.

"Күркелі ауылдық округі орталығына Жұмат Шаниннің атын беру мәселесі тұрғындардың өтініш-тілектері бойынша ұсынылды. 2017 жылдың 15-ші тамызындағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысында Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің орталығын  Жұмат Шанин ауылы деп қайта атау туралы шешім шығарылды", - дейді Талғат Қылышбеков.

Күркелі ауылдық округінге қарасты Шоманкөл, Қойтас, Жарылғапберді және Желтау деп аталатын төрт елді мекен бар. Округ орталығында бүгінде 554 адам тұрады. Естеріңізге сала кетейік, қазақ театрының негізін салушы көрнекті жерлесіміз Жұмат Шаниннің  мерейтойы режиссердің Алматыда тұратын туыстарының қатысуымен Ертіс өңірінде ауқымды түрде аталып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу