Қазіргі уақытта өртті сөндіруге "Баянауыл" МҰТП-ның 21 қызметкері мен 2 өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ ТЖД-ның 3 қызметкері жұмылдырылды.
Қосымша күш ретінде оқиға орнына "Баянауыл" МҰТП-ның 5 бірлік техникасы мен 18 қызметкері жіберілуде. Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Павлодар қаласынан Ми-8 тікұшағы өрт орнына ұшуға дайындалуда.
Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу