"Баянауыл" ұлттық паркінде орман өрті тіркелді

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

"Баянауыл" ұлттық паркінде орман өрті тіркелді Фото: Видеодан скриншот

Ресми дерекке сай, өрттің ауданы – 0,003 гектар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– 2026 жылдың 20 шілде күні сағат 09:23-та "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесі аумағындағы 21-орам, 31-бөлімде өрт ошағы анықталды.

Өртті сөндіру жұмыстарына "Баянауыл" МҰТП орман күзеті қызметінің күштері мен құралдары, "Қазавиорманқорғау" РМКҚ, жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Абырой болғанда, 2026 жылдың 20 шілде күні сағат 10:54 өрттің таралуы оқшауланған. Яғни, тілсіз жау 1,5 сағатта сөндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу