Әлдебір инвестор су айдыны жағасына бес жұлдызды қонақүй салмақ көрінеді. Егер, ол жоба жүзеге асатын болса, көлге экологиялық апат әкеледі. Сол себепті Баянауылдағы қоғам белсенділері дабыл қағып, жағажайда құрылыс салуға қарсылық білдіріп жатыр. Олар Ұлттық парк аумағынан жер телімін беруге мараторий жариялау керек дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу